Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада өтетін бокс кешінде Батыр Жүкембаевтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

    Астанада өтетін бокс кешінде Батыр Жүкембаевтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

    Фото: sports.kz

    Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (23-1, 17 КО) 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Nomad Promotions мәліметінше, Батыр 5 сәуірде британиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жекпе-жек өткізбек.

    Бұл күнгі басты жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы мен (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссен (14-0, 9 КО) арасында ұйымдастырылады.

    Аталған бокс кеші Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтпек.

    Сондай-ақ, 5 сәуір күнгі бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлынан бөлек тағы кімдердің шаршы алаңға шығатыны туралы жаздық.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →