Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты •

    Странджа кубогі: Бүгін Нұрбек пен Айбек Оралбай шаршы алаңға шығады

    Странджа кубогі: Бүгін Нұрбек пен Айбек Оралбай шаршы алаңға шығады

    Фото: ҚФФ

    Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» екінші жарыс күнінде ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбайлар рингке шығады. Сонымен қатар, Бекзад Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жегін өткізбек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Ерлер құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай шығады (86 кг). Оның қарсыласы – болгариялық Мануель Жечев. Ал, осы салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақ боксшысы Бекзад Нұрдәулетов өзбек Акмалжон Исраиловпен жұдырықтасады.

    Екеуі де жарыстың күндізгі сессиясында өнер көрсетпек. Ал, команда капитаны Айбек Оралбай (+92 кг) болса екінші сессияда пәкстандық Тахир Абдул Уахабпен өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, 51 келіде өнер көрсететін Бекзат Алдамжаров француз Никки Камингзбен жекпе-жекке шығады.

    Сонымен қатар, бүгін қыздар құрамасының өкілдері де рингке шығады. Атап айтқанда, 50 келіде Гүлнәр Тұрапбай англиялық Келсей Оклеймен жұдырықтасады. Ал, 57 келіде Айдана Забынбековаға хорват қызы Николина Качич қарсылас атанбақ. Аружан Жаңабаева (63 кг) Диана Гифрамен, Анастасия Баязитова (75 кг) қытайлық Ли Киянмен өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, Болгария астанасы Софияда жыл сайын өтетін Странджа кубогі «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →