Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат

    «Мисыз»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жазаланды

    «Мисыз»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жазаланды

    Фото: Спорт Экспресс

    Ұлыбританиялық The Athletic басылымы Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері, хорватиялық Стефано Вуковқа қатысты тексеру қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Хорватиялық маманның Рыбакинаға психикалық және күш көрсету қысымын жасағаны айтылды. Бұл теннисшінің үнемі ауырып қалуына да себеп болған.

    Стефано Вуковтың спорттан шеттетілуі бір жылға созылады.

    Вуков қазақстандық спортшыны «мисыз» деп атап, «Егер мен болмасам, Елена Ресейде картоп жинап жүрер еді» деп кемсіткен. Бұдан бөлек, Australian Open чемпионаты кезінде Вуков пен Рыбакинаның Мельбурнда бір бөлмеде тұрғаны жазылған.

    2024 жылы Рыбакинаның Вуковпен қош айтысқаны белгілі болды. Содан кейін Стефано әдеп кодексін бұзғаны үшін WTA жұмысынан шеттетілді. Елена WTA қорытынды турниріне дейін бапкерсіз қалды. Кейін оны Горан Иванишевич жаттықтырды. Алайда 2025 жылы қаңтарда теннисші Вуковты командасына қайта қосты. Ал сол айда Иванишевичпен қарым-қатынас тоқтатылды.

    Айта кетейік, қазіргі кезде Елена Рыбакинаны италиялық маман Давиде Сангвинетти баптап жүр.

    Бүгін Доха (Қатар) WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 46-ракеткасы, словакиялық Ребекка Шрамковамен кортқа шығады. Р.Шрамкова екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны 3:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, жарыс жолынан тайдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →