Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия •

    Қазақ футболшысының командасы ойын кезінде алаңнан жаппай кетіп қалды

    Қазақ футболшысының командасы ойын кезінде алаңнан жаппай кетіп қалды

    ФОТО: Адана Демирспор

    Қос клуб алаңда 30 минут ғана доп тепкен, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Түркия Суперлигасының 23-турында спортсүйер қауым күтпеген жайтқа тап болды. «Галатасарай» мен «Адана Демирспор» командасы арасындағы ойын 30-минуттан кейін тоқтап қалған.

    Жағдайдың бұлайша өрбуіне «Адана Демироспор» командасының жаппай алаңды тастап кетуі себеп болған. 0:1 есебімен жеңіліп жатқан қазақ футболшысы Абат Айымбетовтың командасына төреші он бір метрлік айып соққысын белгілеген. Бұл шешімге футболшылар да, бапкерлер тобы да қарсы болып, ойынды жалғастырудан бас тартқан.

    Еске салайық, аталған ойында «Адана Демирспордың» қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов негізгі құрамда алаңға шықты. Десе де, 30 минутта өзін жақсы жағынан көрсете алмады.

    «Галатасарай» қазіргі уақытта турнир кестесінде 1-орында келе жатыр. Ал «Адана Демирспор» соңғы орынға жайғасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →