Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    «Алтынбекті де, Мейрамбекті де танымаймын»: Сандуғаш Стамғазиева ел алдында жан сырын ақтарды

    «Алтынбекті де, Мейрамбекті де танымаймын»: Сандуғаш Стамғазиева ел алдында жан сырын ақтарды

    2000 жылдар басында хит болған “Қоштасудың қиыны-ай” әнінің орындаушысы Сандуғаш Стамғазиева ел алдына шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі сахнадан не себепті көрінбей кеткенін “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтып берді.

    “Қазір айтсам, ел күледі. Мен ол кезде Алтынбек Қоразбаевты да, Мейрамбек Беспаевты да танымаймын. Алтынбектің ұлты орыс екен деп ойладым. Бүгінде Мейрамбекпен қоян-қолтық араласамыз деп айта алмаймын. Жеке әншілігі мен “Музарт” тобы бар. Алтынбек – екі қызымның әкесі. “Қоштасудың қиыны-ай” әнін Мейрамбектен кейін ешкіммен орындамадым. Өмірім 180 градусқа өзгереді деп ойлаған жоқпын. Бірақ дүниеге бала алып келгеннен кейін балаға жақсы тәрбие беру керек, үйде отыру керек. Екі қыз бала менде, ұл бала болса бір жөн. Қыз балаға жақсылап қарау керек. Қыздарым жиі ауыратын, сосын үйде отыруға тура келді», – деді әнші.

    Қазір өнер иесі қыздарының жасы 20-да және 18-де екенін айтты. Екеуі өнерден алыс емес, екі қызы да ән айтатын көрінеді.

    “Ол кезде Мейрамбек екеуімізді тойға жиі шақыратын. Тіпті, көп тойға бармай қалған кезіміз де болған. Сол тойдың арқасында жағдайымыз дұрысталды. Халықтың арқасында жағдайымызды жасап алдық. Екі жылда үй алдым. Алматының өзім жақсы көретін ауданынан баспаналы болдым. Өсіп-өніп жатырмыз. Қыздарым да өнерге жақын. Екеуінің де дауыстары керемет. Қанында бар дүние болғасын, жарыққа шығарып жүр”, – деді өнер өкілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →