Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Үндістанда бұрынғы депутатты тікелей эфир кезінде атып өлтірді

    Үндістанның бұрынғы депутаты Атик Ахмед пен оның ағасы Ашраф тікелей эфир кезінде оққа ұшты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    The Guardian басылымының жазуынша, депутат полицияның күзетуімен сұхбат беріп тұрған кезінде оны журналист ретінде жақындап келген күдіктілер атып өлтірген.

    Атик Ахмед 2019 жылдан бері адам ұрлағаны үшін жазасын өтеп жүрген. Оған сондай-ақ кісі өлтірді және шабуыл жасады деген айып тағылған болатын.

    Экс-депутатқа шабуыл жасағандар сұхбат алаңына мотоциклмен келген, сондай-ақ өздерімен бірге теледидар жабдығы мен жалған тілші куәлігін ала келіп, ағайындыларға 20-дан астам оқ атқан. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

    «Атыс жасағандар аталған оқиғадан кейін көп ұзамай полицияға берілді. Олардың бірі мұсылмандарға қарсы шабуылда қолданылған үнді ұлтшылдарының «Джай Шри Рам» немесе «Сәлем бердік, Лорд Рама» деген ұранын айтып айқайлаған. Шабуыл жасағандар – 22 жастағы Лавлеш Тивари, 23 жастағы Мохит Пурани және 18 жастағы Арун Кумар Маурья. Олар ағайындыларды «өз атақ-даңқын шығару үшін» өлтіргендерін айтты», — делінген ақпаратта.

     

    Атикті өлтірерден бір апта бұрын оның адвокат Умеш Палдың өліміне қатысы бар деп айыпталған 19 жастағы ұлын полицейлер атып өлтірген болатын.

    Жұртты дүрліктірген осы қастандық оқиғасынан кейін зорлық-зомбылыққа ұласып кетуі мүмкін жаппай шеруден қорыққан билік Үндістанның кей аймағында интернетті өшіріп, адамдардың топтасып жиналуына тыйым салды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →