Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті •

    Щучинсктегі 3,5 млрд теңге бөлінген спорт кешені уәде орындалмаған құрылысқа айналды

    Щучинсктегі 3,5 млрд теңге бөлінген спорт кешені уәде орындалмаған құрылысқа айналды

    Щучинск қаласы –Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы дүниеге келген жер және қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығы.

    Айтса сенгісіз, бірақ дәл осы қалада бірнеше жыл бойы көпфункционалды спорт кешені салынып бітер емес.

    Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған еді және жоспар бойынша бір жылда аяқталуы тиіс болатын. Ал қазір 2024 жыл аяғына жетті, бірақ спорт кешені әлі тапсырылмаған. Қазіргі уақытта нысан кәдімгі бітпеген құрылысқа ұқсайды: арматура, бетон және биік қоршау. Жобаны жүзеге асыруға 3,5 миллиард теңге құйылған, бірақ қаржыландыру тоқтатылған. Енді спорт кешені құрылысты бастау үшін бір бөлігі жойылған саябақ аумағында қаңырап бос тұр.

    Жоба бойынша бұл спорт кешені күнделікті жаттығулар өткізіп, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын 600-ден астам спортшыға арналған алаң болуға тиіс еді. Алайда жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі оларды бұл мүмкіндіктен айырды.

    Мердігерлер мен әкімдік нысан паспортын екі рет ауыстырып, тапсыру мерзімін кейінге шегерді. Алайда жағдай өзгермеді. Жаңа адамдардың «Халық қаһары» азаматтық науқаны белсенділері шынайы жағдайды көрсету үшін нысанға негізгі тапсыру уақыты – шексіздік белгісімен және жобаға жауапты шенеунік – Аубакиров Марат Сакенович  есімімен баннер ілді.

    Біз бар күшімізді салғанымызға қарамастан, Аубакиров мырза біздің белсенділермен кездесуден жалтара алды. Алайда біз оның үнемі жасырына алмайтынына сенімдіміз. Жаңа адамдар оған ЛРТ бағанасы түріндегі мүсіншені жіберді — бұл өз міндеттерін орындамағанына лайық антижүлде. Ол Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына халық алдындағы міндеттерін еске салады.

    Аубакиров мырза, бұл міндеттерді орындау керек немесе өзіңіз лайық бола алмаған орында қалмағаныңыз жөн!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →