Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді •

    Қазақстанда жыл сайын 4,5 млн тонна шамасында тұрмыстық қалдық шығарылады

    Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалдықтарды өңдеу туралы айтты, деп хабарлады Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

    «Бүгінгі таңда елдегі маңызды мәселелердің бірі — қалдықтарды басқару саласы. Қазақстанда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Әкімдіктер коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы саясатты іске асыратынын ескере отырып, осы саладағы көрсеткіштер бойынша ақпаратқа сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанында шамамен 1 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған, оның 24,1%-ы қайта өңделді. Осы жылдың қорытындысы бойынша республикалық қалдық өңдеу үлесі 27%-ға дейін жету қажет», — деді ол.

    Оның айтуынша, республика бойынша 207 қала мен ауданның 145 елдімекенде әртүрлі кезеңде бөлек жинау енгізілді.

    «Әкімдіктердің ақпараты бойынша елімізде 105 қала мен ауданда сұрыптау бар, алайда оның ішінде негізінен облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда әртүрлі қуаттылықтағы 30 қоқыс сұрыптау кәсіпорны бар. Мұндай қоқыс сұрыптау кешендерінің көпшілігі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жанында орналасқан», — деді Ошурбаев.

    Qazaq.today

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →