Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды •

    Майқайыңда екі еркек 15 жастағы қызды да, 13 жастағы ұлды да зорлаған

    Майқайыңда екі еркек 15 жастағы қызды да, 13 жастағы ұлды да зорлаған

    Павлодар облысы Майқайың ауданында жағаұстатар жайт орын алды. Екі ер адам 13 және 15 жастағы жасөспірімдерді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенованың ақпаратына сүйенсек, екі күдікті де ұсталып, уақытша қамалған.

    «Павлодар облысындағы аудандардың бірінде екі балаға қатысты сексуалды сипаттағы әрекет туралы мынаны хабарлаймын: қазір балаларға және оның жақындарына психологиялық қолдау көрсетіп жатырмыз. Екі күдікті ұсталып, қамалды», — деп хабарлады Сәуле Шәкенова.

    Зорлық пен қорлық көрген жасөспірімдер 13 пен 15 жаста. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, қыз колледжде оқиды, жасы небәрі 15-те.

    «​Колледжде оқитын кәмелетке толмаған қыз бала зорланған. Бұл істі тергеген кезде полиция осы қыздың мектепте оқитын інісі де  зорлық көргенін анықтаған.  Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. ​Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — делінген Павлодар облысы Білім басқармасының зорлау фактісі бойынша берген түсініктемесінде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →