Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады •

    Ақмолада із-түзсіз жоғалған баланың денесі кәріз құдығынан табылды

    Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Баланың өлімі туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram парақшасында хабарлады.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 8 сәуірде сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғынынан 4 жастағы баласының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

    Ата-анасының айтуынша, бала сағат 17.30 шамасында серуендеуге аулаға шыққан, содан кейін жоғалып кеткен.

    Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды.

    «Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген ПД хабарламасында.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →