Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбазды ұрып-соққан: анасы көмек сұрайды Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбазды ұрып-соққан: анасы көмек сұрайды

    Қалтасында пышақ, «отверка» болған: Талғар түрмесінен қашып кеткен күдікті Тереңқара ауылының маңынан ұсталды (видео) 

    Қалтасында пышақ, «отверка» болған: Талғар түрмесінен қашып кеткен күдікті Тереңқара ауылының маңынан ұсталды (видео) 

    Талғар түрмесінен қашып кеткен күдікті ұсталды. Ол қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қылмыскердің үсталған сәтін ауыл тұрғындары түсіріп алған. Күдікті қамыстардың арасына тығылып жатқан. Иісшіл ит күдіктіні іздеу кезінде Жалғамыс, Терекақара ауылдарына алып барған.

    «Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді», – делінген Алматы облыстық ПД таратқан хабарламада.

    Күдіктінің ұсталған сәті тарап кетті. Қашқынның үстінде түрменің киімі болған. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

    «Қойыдар, жігіттер. Жазықсыз айып тағып отыр. Білгендеріңді істей бермеңдер. Жатырмын ғой. Мына қолым сынған, абайла. Қыз зорладың деп айып тағып жатыр», – деді күдікті ұсталған сәтінде.

    26 жастағы жігіт сегізінші сыныпта оқитын жиен қарындасын жазғы каникул кезінде зорлаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →