Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды •

    Алматыда қытайлық жігіттен 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

    Алматыда қытайлық жігіттен 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

    Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Арнайы іс-шараны криминалдық полицияның «Киберпол» қызметкерлері жүргізген.

    — Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген жануарларды Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған. Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

    ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →