Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді •

    Футзал: Бүгін Ұлттық құрама Аргентина футболшыларымен кездеседі

    Футзал: Бүгін Ұлттық құрама Аргентина футболшыларымен кездеседі

    Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында 2016 жылғы жаһандық доданың жеңімпазы – Аргентина футзалшыларымен ойнайды. Матч елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойын Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамаларымен D тобында ойнады. Үш турда 7 ұпай жинап, топтан екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Португалия құрамасынан басым түсіп (2:1), ширек финалға жолдама алды.

    Аргентина футзалшылары С тобында Украина, Ауғанстан және Ангола құрамаларымен сынға түсіп, 9 ұпаймен өз тобында көш бастады. Ал плей-офф кезеңінде Хорватияны 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалда Қазақстанға қарсылас атанды.

    Қазақстан мен Аргентина футзалшылары бүгінге дейін екі мәрте кездесіп, екі құрама бір-бір мәртеден жеңіске жеткен. 2016 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетсе, жуырда ғана Алматыда ұйымдастырылған жолдастық кездесуде біздің жігіттер 3:2 есебімен басым түсті.

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1999, 2000). 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында 4-орын алды. Сондай-ақ қатарынан төртінші мәрте әлем чемпионатына қатысып келеді (2000, 2016, 2021 және 2024).

    Өзбекстандағы әлем чемпионатының қалған ойындары: жартылай финал матчтары 1 және 2 қазанға жоспарланған. Ал 3-орын үшін және финал кездесуі 6 қазанда өтеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →