Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады •

    Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан ақша өндіріп алды

    Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан ақша өндіріп алды

    Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Айтбек Амангелдінің талап-арызы бойынша Қуандық Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Айтбек Амангелді талабында қайғылы жағдайдан кейінгі моральдық күйзеліс, денсаулықтың нашарлауы, еңбек қабілетін жоғалту себептерін көрсеткен.

    Сондай-ақ талап-арызда қылмыстық іс барысындағы заңгерлік қызметтер ақысы да шығын ретінде көрсетілген.

    «Жақын адамның қазасы талапкердің моральдық жағдайына кері әсер еткен, оның мүліктік емес құқықтарын бұзған. Әділдік принциптерін ескере отырып, сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс шығындары ретінде 6 877 672 теңге, ал моральдық шығын ретінде 10 млн теңге өтемақы өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →