Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті

    Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдемге қатысты жаңа бұйрықты түсіндірді

    Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдемге қатысты жаңа бұйрықты түсіндірді

    Фото: tumba.kz

    Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі желідегі жедел жәрдем шұғыл емес шақыртуларға бармайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бұйрық жоба БАҚ-та қате көрсетілгенін мәлімдеді.

    Министрлік жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұны қате түсіндірілді деп санайды.

    “Бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан, толық көлемде медициналық көмек алады. Тек жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағыларға медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылады”, – деді ДСМ өкілі Айгерім Оразалиева.

    Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуға жедел көмек бригадалары қызмет көрсетеді. Мәлімдеулерінше, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды. Бұл пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын одан әрі жақсартады деп санайды.

    Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындағаны туралы жазған едік. Мұнда енді Қазақстанда шұғыл көмек қажет болса да, кешке немесе түн ортасында шақырған науқастарға жедел жәрдемнің бармайтыны көрсетілген. Осыдан соң денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдемнің шұғыл емес шақыртуларға не себепті бармайтынын түсіндірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →