Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады •

    Әскери қызметкерлерге үйін салғызған төтенше жағдайлар экс-вице министрін сот босатып жіберді

    Әскери қызметкерлерге үйін салғызған төтенше жағдайлар экс-вице министрін сот босатып жіберді

    Апелляция билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталған ТЖМ басшысының бұрынғы орынбасары Ибрагим Күлшімбаевтың үкімін өзгертті. Ол Қарағандыда ұлына үй салуға әскери қызметшілерді мәжбүрледі деп айыпталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Астана әскери соты бұрынғы генерал-майордың іс-әрекетін «билікті асыра пайдаланудан» «лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға» қайта саралау туралы шешім шығарды. Тиісінше Күлшімбаевқа шығарылған үкім өзгертілді. Оған бас бостандығын шектеу жазасы таңдалды. Сот алқасы бұрынғы вице-министрді сот залында қамаудан босатуға шешім қабылдады.

    «Сот алқасы Ақмола гарнизоны әскери сотының 2024 жылғы 6 тамыздағы Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді өзгертуге қаулы етті. Күлшімбаевтың іс-әрекеттері ҚР ҚК 450-бабының 1-бөлігіне қайта саралансын, ол бойынша жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жаза тағайындалсын», — деді судья.

    Аппелляция бірінші сатыдағы соттың бұрынғы вице-министрдің кінәсі толығымен дәлелденді деген үкімімен келісті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →