Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты

«Ұлтына ұлы жеңіс сыйлаған ұл»: Бекзат Саттарханов жайлы кітап жарыққа шықты

«Ұлтына ұлы жеңіс сыйлаған ұл»: Бекзат Саттарханов жайлы кітап жарыққа шықты

Журналист, тележүргізуші Азамат Әбілқайыр Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі жайлы тың ақпараттар жинақтап, арнайы зерттеулер жүргізіп, жиған-тергенін кітап етіп жинақтаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Автордың айтуынша, 90-жылдарының соңы мен 2000 жылдары еңсесі түскен халықтың көңілінен шығып, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмендеген елдің жігерін қайраған тұлға осы – Бекзат Саттарханов болған.

«Бала кезімізден көріп өстік. Бекзаттай болсақ дедік. Бала кезден Бекзатқа деген махаббат, ынтызарлық сезім оянып Бекзат ағамыз жайлы мағлұмат жинақтап, кітап жазуды қолға алдым.

Көбіне Майк Тайсон, Криштиану Роналду, Месси жайлы кітаптар бар. Ал өз еліміздің, қазақтың даңқты спорт жұлдызы туралы ұмытылып бара жатқаны байқалады. Ересектер білеміз, ал балалар мен жасөспірімдер арасында білмейтіндер де бар. Ең болмаса Бекзат туралы жеткізейік, деген ой болды.

Бір ай көлемінде жазып шықтым. Көп уақыт деректерді жинақтап, тексерумен кетті. Барлық ұсынылған дерек қолжазба кезінен Бекзаттың анасымен тексеріліп отырды.

Сонымен қатар, Тұрсынғали Еділов, Бақтияр Артаев, Ермахан Ибрагимов секілді көзін көрген ағалар қарап отырды. Жалған әсірелеу, қосып жіберу, дәріптеу, артық пафос деген жоқ.

Балалардың тілінде, идеяның дамуы кино желісі сияқты берілген», — дейді автор.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған бұл кітапта 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, Сидней төрінде ел абыройын асырған Бекзат Саттархановтың қызықты да қиын өмір жолы сипатталады. Сонымен бірге жинақта бала Бекзаттың спортқа қалай келгені, тоқсаныншы жылдардың тоқырауында кедергілерге қарамастан чемпион болғаны, бала махаббаты айтылады. Саналы ғұмырын қазақ бокс стилін қалыптастыруға зор үлес қосқаны, ел үшін сіңірген ерен еңбегі дәріптеледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →