Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Асхат Аймағамбетов мектеп инспекторларының жоқтығынан жасөспірімдер арасындағы мәселе күшейгенін айтты

    Асхат Аймағамбетов мектеп инспекторларының жоқтығынан жасөспірімдер арасындағы мәселе күшейгенін айтты

     

    Қазақстандық депутат Асхат Аймағамбетов мектептерде инспекторларды алып тастау шешімінің дұрыс болмағанын мәлімдеді. Айтуынша соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы мәселелер өрши түскен.

    Фото: Асхат Аймағамбетов Instagram парақшасынан

    Депутат мұны ІІМ тарапынан жасалған қате шешім болғанын жеткізді.

    “Бұл сұрақ бірнеше рет әртүрлі деңгейлерде көтерілді. Біздің ұстанымымыз әрқашан өзгеріссіз қалады. Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді. Олар әртүрлі рейдтерде, іс-шараларда жиі жүрсе де олардың мектептерде болуы кәдімгідей оң әсерін берген еді”, – деді ол.

    Аймағамбетов мектеп пен инспекторлар арасында мәселелердің де болғанын жасырмады.

    “Бірақ олар шешілетін еді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың қауіпсіздігі мен алдын-алу олардың жұмысына тікелей байланысты болды. Бүгінгі таңда мектеп инспекторлары жоқ болғандықтан, бұл мәселелер күшейе түсті”, – деп қосты депутат.

    Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер арасындағы суицидтік ойындарға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →