Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді •

    Қазақ файтері өзбек қарсыласын аяусыз ұрып, нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Қазақ файтері өзбек қарсыласын аяусыз ұрып, нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Алматыда өткен аралас жекпе-жектен Naiza 67 турнирінде қазақстандық Шыңғыс Камал (3-0) өзбек файтері Олим Тиллаевпен (2-3) октагонға шығып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған болатын. Алайда, қазақ спортшысы бірінші раундта-ақ мықтылық танытып, мәселені уақытынан бұрын шешіп тастады.

    Шыңғыс қарсыласын алдымен партерге жатқызып, артынша соққылар сериясын жаудырды. Төреші дереу төбелесті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.

    Осылайша Шыңғыс Камал MMA-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол мүлдем жеңілмеген. Ал, өзбекстандық Олим Тиллаев болса төртінші рет жеңілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →