Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды

    Ақтөбеде мыс компаниясының жұмысшысына кен құлап, мерт болды

    Ақтөбеде мыс компаниясының жұмысшысына кен құлап, мерт болды

    Фото: «АК Алтыналмас» АҚ баспасөз қызметі

    Ақтөбе мыс компаниясында жұмысшы көз жұмды. Алдын ала болдам бойынша ұсақтаушының үстіне кен құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жұмысшының қазасы туралы хабарлама берген.

    «Жұмыс берушінің деректері бойынша, жазатайым оқиға 18 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында болды. Ұсақтаушы А.Нұрғалиевке шахта кені құлап, мерт болған. Мұндай жағдайларда ҚР Еңбек кодексінің 188-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің және қызметкер өкілінің қатысуымен мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеу жүргізеді. Арнайы тергеп-тексеру нәтижелері, тараптар кінәсінің дәрежесі тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиға туралы қандай да бір ақпарат ресми деректер болып табылмайды. Тергеу шамамен 20 қазанда аяқталады», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →