Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды •

    «Қазақстанда 2030 жылы соғыс басталуы мүмкін»: Депутат Бапи қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланды

    «Қазақстанда 2030 жылы соғыс басталуы мүмкін»:  Депутат Бапи қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланды

    Фото: parlam.kz

    Бүгін мәжілісте қаржы министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды. Осы кезде депутат Ермұрат Бапи әр салаға бөлінген ақшаның тиынына дейін санап, пікірталас тудырды. Оның айтуынша, Қазақстан Украинамен салыстырғанда қорғанысқа тым аз ақша жұмсайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Депутат Бапи Қазақстанның Украинамен салыстырғанда қорғанысқа тым аз ақша жұмсайтынын айтып наразы болды.

    «Бюджеттегі тапшылық! Кепкен тулақ сияқты дүние ғой. Ешкінің кепкен терісі сияқты – былай тартсаң былай жетпейді, былай тартсаң былай жетпейді. Екі жаққа тартсаң жыртылып, айырылып кетуі мүмкін. Егер біз геосаяси тәуекелдерді есепке алсақ, осы тапшылықтың бәрі түкке тұрмай қалады. Сондықтан, мен ұлттық экономика министрлігінен сұрайын дегенім – қорғаныс саласына бөлінген сома көрсетілді. Бірақ бұл сандар бізге ешнәрсені көрсетпейді. Украинадағы жағдаймен салыстырғанда… Жалпы ішкі өнімнің қанша бөлігін қорғаныс министрлігіне бөліп отырсыздар? – деп сұрады Ермұрат Бапи.

    Сонымен қатар ол мамандардың есебін алдыға әкеліп, мұндай күйімізбен 2030 жылы соғыс болуы мүмкін екенін айтты.

    «Биылғы бюджетте 0,8, келесі 0,4% дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі қазір біздің қауіп-қатер – мамандардың есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Сондай тәуекел бар. Ол, тіпті, біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар. Әлемдік сарапшыларды есепке алмағанда! Осындай жағдайда біздің қорғаныс саласына 0,4% – бұл не? Не «заговор» бұл? Қайдан шыққан есеп бұл? Біз мұны әлі көтереміз! – дейді Ермұрат Бапи.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →