Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды •

    Жәнібек Әлімханұлы бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен жаттығу өткізді

    Жәнібек Әлімханұлы бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен жаттығу өткізді

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спарринг өткізді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы боксшының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    ІBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті. Қазіргі уақытта ол АҚШ-қа ұшпай, жаттығуын Қазақстанда жалғастырып жатыр.

    Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спарринг өткізген видеосын жариялады. Ал оның спарринг қарсыластары Мырзағали Айтжановтың жас шәкірттері болды.

    «Жігіттердің боксы зерттеп жүрген қарсыластарымыздың тактикасына келеді екен.

    Мырза ағайдың мектебі десек те болады. Мырза ағай секілді қатты ұрады екен», — деді Жәнібек Әлімханұлы. Мырзағали Айтжанов та боксшыны демеп, дайындық сапалы әрі жақсы өтуін тіледі.

    Скриншот: x.com/qazaqstyle

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →