Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

Қос балуанымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қос балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі балуанымыз алтын жүлде үшін белдеседі. 67 келі салмақта сынға түскен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Енді ол алтын жүлде үшін сында ирандық Ахмадреза Мохсен Нежадқа қарсы күреседі.

Сондай-ақ, 82 келідегі Ислам Евлоев та қарсыластарынан басым түсіп ақтық сынға шықты. Исламның жартылай финалдағы қарсыласы кілемге шықпай қалды. Енді ол финалда түркиялық Альперен Бербермен белдеседі.

Айта кетейік, бұған дейін қос балуанымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →