Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Жанболат Найзабеков жұбайын мақтап, отбасылық бақыт туралы айтты • Мәдениет министрі «PARAQTA» платформасының негізін қалаушылармен кездесті • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты •

    «Қарыз алған адамдарын кешіріп кетті»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын есіне алды

    «Қарыз алған адамдарын кешіріп кетті»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын есіне алды

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасының қандай адам болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өнер иесінің айтуынша әкесінің дүниеден озғанына 42 жыл толған.

    “Әкемнің дүниеден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін. Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, “Менен қарыз алғандар көп. Мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім” деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, “Қарыз алған адамдардан сұрайық” дегенде: “Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма” дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті”, –деп жазды продюсер.

    Сондай-ақ, өнер өкілі ата-ананы көзі тірі кезінде құрметтеуге үндеді.

    “Енді тек анашым екеуіңізге дұға етеміз. Ата-анасы барлар әлемдегі ең бақытты жандар. Барында бағалаңыздар”, – деп кеңес берді Гүлзира Үсенқызы.

    Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →