Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Алматыда 9 жастағы баланың тамағына темір кіріп кеткен (ВИДЕО)

    Алматыда 9 жастағы баланың тамағына темір кіріп кеткен (ВИДЕО)

    Фото: видеодан кадр

    Алматылық дәрігерлер тамағына қоршаудың темірі кіріп кеткен 9 жастағы баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамағына үшкір темір кіріп кеткен бала жедел жәрдем бригадасымен балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізілді. Әкесінің айтуынша, бала велосипедтен темір қоршауға құлап, жарақат алған.

    «Балаға аралас жарақат диагнозы қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақаты. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат — металл қоршау бөлігі шығып тұрды», – дейді дерігерлер.

    Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас жедел түрде ота жасау бөлмесіне жеткізілді. Жоғарғы шеті найзаның ұшы тәрізді болып шыққан металл қоршаудың бір бөлігін алып тастау үшін хирургтарға 1,5 сағат қажет болды.

    «Жарақат нәтижесінде баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған», — дейді жоғары санатты дәрігер, Орталықтың жақ-бет хирургы, Аида Уразаева.

    Қазір баланың жағдайы тұрақты.

    Дүйсенбі күні науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды, ем қабылдап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →