Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

Қытайда «Гаеми» тайфуны соғып, апаттан 400 адам зардап шекті

Қытайда «Гаеми» тайфуны соғып, апаттан 400 адам зардап шекті

Фото: Reuters.com

Тайфун бастапқыда Тайвань өлкесін басып өтіп, кейін 400-ге жуық адам жарақат алды. Жойқын апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Жүз мыңдаған тұрғын үй мен әкімшілік нысандар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, Қытайда қауіптің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды. Қазір жағалауда орналасқан елді мекендердің халқы жаппай эвакуацияланып жатыр. 22 уезд пен қалада қозғалыс тоқтап қалып, әсіресе, Илань уезі қатты зардап шекті. 260 мыңнан астам тұрғын үй мен әкімшілік нысандар жарықсыз қалды.

Сонымен қатар 264 әуе рейсі кейінге шегеріліп, жоғары жылдамдықпен жүретін пойыздардың қозғалысы тоқтап қалды. Апаттан кейін жолаушылар вокзалдар мен әуежайларда түнеуге мәжбүр болды.

Ұлттық теңіздегі қоршаған ортаны болжау орталығының директоры Ли Бэнся мұндай жағдайда жолға шығу аса қауіпті екенін айтты.

«Биыл тайфун күші жойқын болып тұр. Сондықтан халықты қауіпті аудандардан шұғыл кетуге шақырып жатырмыз. Жазғы демалыс болған соң жағалауларда туристер көп. Сондай-ақ сағат сайын ақпарат таратып, хабарландырып жатырмыз. Мұндай жағдайда жолға шығу аса қауіпті», деді болжау орталығының директоры.
Айта кетейік, 67 бағытта жолаушы тасмалдайтын 186 паром мен қираған құрылыс кемелері жағаға шығарылды.
«Ал теңізде жүргізіліп жатқан ірі-ірі құрылыс жобаларында жұмыс тоқтатылды. Табиғи апат Қытайға көршілес Филиппинде де соғып, 21 адам көз жұмды», – делінген ақпаратта.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика