Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды

    Елордада дәмханадан 2 млн теңгенің мүлкін қолды қылған күдікті анықталды
    Screenshot
    Фото: canva
    Полицияға Астанадағы отбасылық дәмханалардың бірінің иесі ұрлық фактісі бойынша арызбен жүгінген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тергеу барысында дәмхана ғимараты қараусыз қалғаны анықталды, бұл қаскүнемнің назарын аударған.

    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады.

    Ол терезені бұзу арқылы үй-жайға кіріп, сол жерден жалпы құны 2 млн теңгеге теледидар, кабель және 100-ге жуық радиаторды алып кеткен. Ол ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне өткізген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында түрлі-түсті және қара металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу және заңсыз айналымы орындарын үнемі тексеріп отырады.

    Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →