Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Солтүстік Қазақстан Ресейдікі»: Көпбалалы ана TikTok-тағы сөздері үшін үш жылға сотталды

    «Солтүстік Қазақстан Ресейдікі»: Көпбалалы ана TikTok-тағы сөздері үшін үш жылға сотталды
    Screenshot

    Фото: canva.kz

    Солтүстік Қазақстан облысында 39 жастағы бес баланың анасы TikTok желісінде Қазақстанның сотүстігі Ресейдікі екенін және орыс қарулы күштері осы аймаққа басып кірсе қолдайтынын айтқан. Әйел сепаратизм бабы бойынша үш жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.

    Қылмыстық іс материалдарында оқиға Мамлют ауданының Дубровное ауылында болғаны көрсетілген. Тұрғын TikTok желісінде тікелей эфир өткізіп, бұрын таныс емес адаммен түрлі тақырыптарда онлайн-әңгімелескен. Оның ішінде саяси тақырыпты да қозғаған.

    “Бейнежазба барысында, сөздері өзгелерге теріс әсер етуі мүмкін екеніне қарамастан, әйел Солтүстік Қазақстанның бүкіл аумағы тарихи түрде Ресей Федерациясының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірлігі деп ашық айтқан. Оның ішінде Петропавл, Сотүстік Қазақстан облысын атап көрсеткен. Сондай-ақ ол Ресей әскерлерінің Қазақстан аумағына қарулы басып кіруін қолдайтынын айтқан. Бұл ретте ол белгілі бір адамдарға, оның ішінде ел аумағында тұратындарға сепаратизмге бастамашылық жасауда негіз құрып отыр”, – делінген сот үкімінде.

    Әйелдің өзі бұл әңгімені жоққа шығармайды. Айтуынша, сұхбаттасушы оған түрлі сұрақтар қойған. Ал оған неге осылай жауап бергенін өзі де түсінбегенін айтты. Әйел істеген ісіне өкінетінін жеткізді.

    Мамлют аудандық соты оны кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →