Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді •

    Түркияда тағы да жер сілкінді: 110 адам зардап шекті

    Түркияда кейінгі қайталанған жер сілкінісі салдарынан 110 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Малатья провинциясында жер сілкінісі болғанын хабарлаған түрік билігінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 болған. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер асты дүмпу магнитудасын 5,2 деп анықтап, жер сілкінісі 6,15 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

    Билік жер асты дүмпулері салдарынан 29 ғимарат қирағанын хабарлады. Түркия Апаттар және төтенше жағдайларды басқару президиумының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Малатьядағы бес ғимаратқа құтқару топтары жіберілгенін айтты.

    AFAD-тың жер сілкіністері және қауіп-қатерді азайту жөніндегі бас директоры Орхан Татар аймақта соңғы үш аптада төрт жер сілкінісі, сондай-ақ магнитудасы 5,0-ден 6,0-ге дейін болатын 45-тен аса жер сілкінісі болғанын айтты.

    Еске салайық, Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да тіркелген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →