Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    Президент ел азаматтарын бейіт басына ескерткіш қоймауға шақырды

    Президент ел азаматтарын бейіт басына ескерткіш қоймауға шақырды

    Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бейіттерге ескерткіш орнатуға қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында Жапаров бұл әрекетті шариғатқа қайшы екенін атап өтті, деп жазады El.kz. 

    Шариғат бойынша мұсылманға бағалы тас түрлерін орнатуға және қабір басына фотосуреттер қоюға, оны темір қоршаулармен қоршауға, цемент пен бетон қолдануға тыйым салынады. Мұндай әдет-ғұрыптар марқұмға көмектеспейді. Керісінше қабірдің үстіне төбе тұрғызу марқұмның рухына азап әкеледі, — деді Қырғызстан президенті.

    Ол сондай-ақ, барлық қырғызстандықтарға зираттарға металл және тас ескерткіштер тұрғызуды тоқтатуды сұрады.

    Марқұмдардың рухына тағзым ету үшін үйде күнде оларға Құран оқып еске алуға болады. Сол жеткілікті. Металл ескерткіштер немесе екі қабатты кесенелер орнату – біздің дәстүр емес, – дейді Жапаров.

    Президент шариғат бойынша кез келген зиратты соңғы жерлеу рәсімі 25 жыл өткеннен кейін қайта пайдалануға болатынын айтты.

    Фото: el.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →