Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі сергелдең: жылу құбырынан су тоқтаусыз ағып жатыр Самара – Шымкент жолындағы жол апатынан «Қазхромның» үш қызметкері қайтыс болды Қарағандының қараусыз қалған көпірі: Майқұдықта тұрғындар мертігіп жатыр «Аяғы ауыр сияқты»: Динара Сәтжанға қатысты күтпеген ақпар тарады (ФОТО) «Миллиондар қайда кетті?»: Қостанай кіреберісіндегі ойлы-шұңқыр халықтың ашуын туғызды Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек Семейдегі сергелдең: жылу құбырынан су тоқтаусыз ағып жатыр Самара – Шымкент жолындағы жол апатынан «Қазхромның» үш қызметкері қайтыс болды Қарағандының қараусыз қалған көпірі: Майқұдықта тұрғындар мертігіп жатыр «Аяғы ауыр сияқты»: Динара Сәтжанға қатысты күтпеген ақпар тарады (ФОТО) «Миллиондар қайда кетті?»: Қостанай кіреберісіндегі ойлы-шұңқыр халықтың ашуын туғызды Кемі 10 қызды өлтіріп, етін жеген каннибал Жұмағалиев жатқан клиника тексерілмек

    Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адам іздестіріліп жатыр

    Астанада судьяны ұрлап, ақша бопсалаған ер адам іздестіріліп жатыр

    Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, судья Ордабаевқа үйінің автотұрағына бетперде киіп, қаруланған белгісіз біреу келген. Ол өлтіремін деп қорқытып, судьяны көлікке мінгізіп, елсіз жерге алып кеткен.

    Сосын Ордабаевқа отбасы, балалары мен туыстары туралы ақпарат бар екенін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Осылайша судья өз атынан 300 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны шабуылдаушыға аударған.

    Алайда қылмыскер мұнымен тоқтап қалмаған. Қылмыс орнынан жасырынып, Ордабаевты өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге беруді, сондай-ақ анықталмаған сот шешімінің күшін жоюды талап еткен. Зардап шеккен судья қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

    Қазіргі таңда «Адам ұрлау», «Бопсалау» және «Сот төрелігіне кедергі келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →