Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

    Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

    Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не өткізу) айыпталған.

    Сотта Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын «Кола» сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.

    Одан әрі осы психотроп заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде оны Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері құрықтаған.

    Прокурор Х.М.П.-ға түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы Х.М.П. тағылған айыпты толық мойындады және жазаны жеңілдетуді сұрады.

    ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.  ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →