Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады •

    Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 20 мұғалім анықталды

    Қызылорда облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 20 мұғалім анықталды

    Қызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істеу деректері анықталды. Бұл келеңсіздіктер прокуратураның тексеруі барысында анықталған.

    Тексеру барысында Байқоңырдағы 2 мектепте – 3, Қазалыда 3 мектепте – 4, Қармақшыда 1 мектепте – 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болған. 

    «Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелді. Материалдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жіберілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған», — деп хабарлады облыс прокуратурасы.

    Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесінде 56 қадағалау актісі енгізіліп, 1 100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауапқа тартылды. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →