Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты •

    Енді имамдар да алаяқтықпен күреспек

    Енді имамдар да алаяқтықпен күреспек

    Алматы облысында полиция мен имамдар бірігіп, алаяқтарға қарсы күреспек, — деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі.

    Өңірде тәртіп сақшылары «Стоп-алаяқ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Оның аясында алаяқтарға қарсы күреске дін қызметкерлерін тартылды.

    «Интернет-алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері түсенеді. Сондықтан біз діни қызметкерлерді тартуды шештік. Бұл жалпы азаматтар арасында ғана емес, қарттар арасында да ақпараттық-түсіндіру жұмысын ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы ПД КПБ басшысының орынбасары Нұржан Кенесханұлы.

    Оның айтуынша, тәртіп сақшылары имамдар мен діни қызметкерлерден көмек сұраған. Олар қарт адамдарға алаяқтықтың жаңа тәсілдерін айтып, сақ болу керегін ескертеді.

    «Алаяқтықты анықтау үшін көп еңбектену керек. Өйткені, қылмыскерлер күн сайын алдаудың жаңа тәсілін ойлап тауып, жасаған заңсыз әрекетін іздерін жасыруда. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы оны алдын алу және халықты ескерту», – деді басшының орынбасары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →