Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр Алматыда пышақ ұстаған жас тобы ұсталды: алты күдікті қамауға алынды Иран әскерилері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы беріп, 20 млрд доллар шығын келтірді Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр Алматыда пышақ ұстаған жас тобы ұсталды: алты күдікті қамауға алынды Иран әскерилері АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы беріп, 20 млрд доллар шығын келтірді Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде

    Ақсай қаласында 22 жастағы жігітті өлтірген тұрғын ұсталды

    Ақсай қаласында 22 жастағы жігітті өлтірген тұрғын ұсталды

    Ақсай қаласында зорлық-зомбылықпен өлтірілген 2002 жылғы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі.

    БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 шілде күні түнгі сағат 01.00-де болған.

    Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

    «Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша оқиға туыстар арасындағы кикілжіңнен болған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол Бөрлі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО ТЖ департаментінің мәліметі бойынша сонымен қатар 3 шілде күні Орал қаласында Учужный затон ауданында «Пенсионер» саяжай қоғамында үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Саяжай үйінің отқа оранғаны туралы хабар 02.34-те түскен. Өрт сағат 04.10-да оқшауланып, 04.30-да сөндірілген. Бұл оқиғаның да мән-жайы анықталу үстінде.

    Фото: Polisia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →