Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    СҚО-да 20 жастағы жігіт көлге батып кетті

    СҚО-да 20 жастағы жігіт көлге батып кетті

    Солтүстік Қазақстан облысында «Черное» көліне суға шомылуға барған 20 жастағы жігіт мерт болды.

    СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 1 шілде күні сағат 22.10 минут кеткенде болған. Қызылжар ауданы Прибрежное елді мекенінің маңында орналасқан «Черное» көліне демалуға барған 20 жастағы жігіт суға түсіп, қайтып шықпаған.

    «Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы, қайық және 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. Сағат 22.45 минут кеткенде жігіттің денесі табылды. Қазіргі уақытта өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген баспасөз хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →