Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қырғызстанда Украинада соғысқа қатысқан азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Қырғызстанда Украинада соғысқа қатысқан азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
    Screenshot

    Фото: courtesy image

    Айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Араван ауданының соты (Ош облысы, Қырғызстан) Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін азаматтың мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Сотталған шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

    Баптың санкцияларына сәйкес, айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды.

    Қырғызстан, сот, Украина

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →