Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті •

    Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды

    Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды

    Фото: FINRUSSIA.RU

    Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін “Ringobet.kz” букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып қана қоймай, заң бұзғаны үшін оған айыппұл салынды.

    «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек. Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұзған бірнеше дерек анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген”, – делінген министрлік хабарламасында.

    Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды.

    Министрлік өкілдері ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыратынын қосып өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →