Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды •

    Атырауда су деңгейі шекті мөлшерден асып кетті

    Атырауда су деңгейі шекті мөлшерден асып кетті

    Атырау облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі туралы 26 мамыр күнгі 08:00 сағаттағы мәліметтер жарияланды.

    Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан дерек бойынша:

    ⁃ Индербор ауылында — 7 см, су деңгейі — 982 см, шекті деңгейі — 845 см;

    ⁃ Махамбет ауылында — 5 см, су деңгейі — 1020 см, шекті деңгейі — 850 см;

    ⁃ Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі — 595 см, шекті деңгейі — 550 см;

    ⁃ Жаңаталап ауылы +3 см, су деңгейі — 430 см, шекті деңгейі — 500 см;

    — Еркінқала ауылы +3 см, су деңгейі — 387 см, шекті деңгейі — 450 см.

    Айта кетейік, өткен түнде Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланды.

    Ауыл жолының үстінен су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам, оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 ауыл тұрғыны Атырау қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізіліп, орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →