Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді 13 тамызда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды

    «Әйел асылып өлмек болды»: жігіт бойжеткенмен төсектес болған сәтті видеоға түсіріп, таратқан

    «Әйел асылып өлмек болды»: жігіт бойжеткенмен төсектес болған сәтті видеоға түсіріп, таратқан
    Жігіт қалыңдығымен ұрысып, осы жағдайды әдейі ұйымдастырып, кек алмақ болған.

    Оңтүстік Қазақстан аймағында ер адам қалыңдығымен жыныстық қатынасқа түскен видеосын таныстарына таратқан, деп хабарлайды qazaq.today ақпарат агенттігі Сaravan.kz порталына сілтеме жасап.

    Онымен қоймай, ол қалыңдығына қатысты жағымсыз нәрселер айтқан. Бұл әйелге ауыр тиіп, ол өзіне қол салмақшы болады.

    Ер адам мұны сүйіктісінен кек алу үшін жасаған. 2022 жылдың желтоқсанында олар келіспей жанжалдасып қалған екен. Сөйтіп әйелді қонақүйге шақырып, жыныстық қатынасқа түскен. Ал бөлмеде болған көріністі бейнежазбаға түсіріп, видеоны таныстарының арасында тарата бастаған.

    «Осы факті бойынша аудандық полиция бөлімі ер адамға қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі және 147-бабы 5-бөлігі (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, өзіне қол жұмсауға жеткізу, жеке өмірге қол сұғушылық) бойынша қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.

    Сотта ер адам бұрынғы қалыңдығынан кешірім сұраған. Оның өтінішімен сот өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты. Жеке өмірін бұзу бабы бойынша сотталушы 3,5 жыл шартты түрдегі жазаға тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →