Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кино түсіргендей болдық»: Ерке Есмахан жаңа альбомының машақаты туралы айтты Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) «Кино түсіргендей болдық»: Ерке Есмахан жаңа альбомының машақаты туралы айтты Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО)

    Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті

    Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті
    Screenshot

    Фото: malim.kz

    Жоғарғы Сотта Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын.

    Сот үкімімен 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.

    Апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Нұрасыл Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.

    Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Нұрасыл Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті, — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →