Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды •

    Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

    Жамбыл облысында әкімдік 335 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

    Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің қызметінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Заңнама талаптарын бұза отырып, сәуірде аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мердігермен «бір көзден» 125 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

    Басқа жағдайда, сатып алуды өткізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектігі бар қоғамдық бірлестіктердің құқығына нұқсан жасайтын талаптар негізсіз белгіленген.

    Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлығы 335 млн теңгеден астам сатып алу тоқтатылып, кінәлілер жауапқа тартылды.

    Қабылданған шаралар кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті қалпына келтіруге бағытталды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →