Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО)

    Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

    Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фото: Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапов

    Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  

    Алқабилер алқасы мен судья Айжан Құлбаева ақылдасып, айыпталушыға жаза кесті. Экс-министр 24 жылға түрмеге қамалды.

    Ал қылмысты жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

    Айта кететіні, 2023 жылдың 9 қараша күні Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі экс-министрдің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Күдіктіге Қылмыстық істің «Қинау» және «Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру» баптары бойынша іс қозғалды.

    Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысында экс министр өз кінәсін мойындамайтынын айтып, сот БАҚ-тың қатысуымен өтуін сұрады.

    Алайда сот процесі аяқталуға жақындағанда Бишімбаев әйелін «абайсызда» өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады.
    Қуандық Бишімбаевтың соты журналистердің және алқабилердің қатысуымен өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →