Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Тиран — дипломат: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады

    Тиран — дипломат: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады
    Фото: stan.kz
    Астана полициясының баспасөз қызметі қазақстандық Карина Мамашпен болған шулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Қазақстан елшісі кеңесшісінің әйелі дипломат күйеуінен соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Департаменттің 2024 жылғы 10 мамырдағы мәлімдемесінде аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғаны айтылған.

    «Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.

    Сәкен Мамаштың 10 жыл бойы әйелін ұрып-соғып жүргені 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. Содан кейін әйел әлеуметтік белсенділердің көмегіне жүгініп, әлеуметтік желіде басынан өткен оқиғаны айтып берді. Арызданушы күйеуін дипломатиялық мәртебесінен айыруды және түрмеге жіберуді сұрады.

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұрып-соғу оқиғасына қатысты жауап берді.

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров былай деп түсіндірді:

    «Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл шақырып жатырмыз».

    Одан әрі Смадияров, бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысатын болады, деп жалғастырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →