Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Су деңгейі 9 метрге таяп қалды»: Ресейдің Орынбор қаласына қауіп төніп тұр

    «Су деңгейі 9 метрге таяп қалды»: Ресейдің Орынбор қаласына қауіп төніп тұр
    Screenshot

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Ресейдің су басқан өңірлерінде жұрт тасқынмен күресіп әлек болып жатқанда, ұрылар иесіз қалған үйлерді тонап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ішкі істер министрлігі осындай фактілердің көбейгенін айтты. Алдағы 2 күнде Орынбор халқын үлкен сынақ күтіп тұр. Себебі көп көлемде су келеді. Ал Қорған облысында тобыл өзені 11 метрден асуы мүмкін.

    Ұры қарылар үйлерді тонап, онсыз да уайымға батқан жұрттың дегбірін қашырды. Алаяқтар да жай жатпай, тұрғындарға көмек- деп ақша жинап, желіде жалған ақпарат таратуда. Полицейлер қайыққа мініп, тәулік бойы үйлерді күзетіп жүр. Су басқан аймақтарда ахуал күннен күнге ушығып барады.

    Алексей Кудинов, Орынбор қаласы мэрінің бірінші орынбасары:

    — Гидрологтардың боламынша, су деңгейі 9 метрге таяп қалды. Тағы 30 сантимерге көтерілсе, көрсеткіш Орынбор қаласы үшін қауіпті межеге жетеді деген сөз. Синоптиктердің айтуынша, алдағы 2 күнде су тоқтамай, деңгей тағы бір метрге көтеріледі.

    Осылай деген мэрдің орынбасары мамандармен бірге су басқан өңірлерді тексеріп шықты.

    Орынбор облысына дума депутаттары да келді. Зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

    Нина Останина, РФ Мемлекеттік Дума депутаты:

    — Біз балалардың білім алуына қатысты мәселені көтереміз. Уақытша орталықтар негізінен мектептерде орналасқан. Онда сабақ өтпейтіні айтпаса да түсінікті. Бұған әсіресе жоғары сынып, соның ішінде 9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары алаңдаулы. Биыл су басқан өңірлердің 9 сынып оқушыларына қорытынды аттестация бойынша құжаттарын мектепте алуына рұқсат беру туралы мәселені де көтереміз.

    Ал бұл Қорған облысындағы жағдай. Мұнда сәт сайын эвакуация дабылы қосылып тұрады.

    Өңірде кеше төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше елді мекенді су басты. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Өңірге Ресейдің төтенше жағдайлар министрі де келді.

    Анастасия Аргышева, Қорған қаласы мэрінің міндетін атқарушы:

    — Тасқынға қатысты болжамдар көңіл көншітпейді. Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрден де жоғары көтерілуі мүмкін. Бұл 1994-жылғы алапат тасқын кездегі деңгейден әлдеқайда көп. Бұл жағдайда су қаланың орталық бөлігіне дейін жетеді. Бізге көмек керек. Су, дәрі-дәрмек, көрпе-жастық секілді заттар қажет. Оларды уақытша орталықтарға әкеле берсеңіздер болады. Сондай-ақ мамандарға көбірек қап, күрек, қолғап керек. Бұдан бөлек эвакуациялауға жәрдемдесетін еріктілердің де көмегі артық болмайды.

    Соңғы 100 жылда болмаған су тасқыны көршілес елдің экономикасына салмақ салары анық. Себебі тілсіз жау алдағы күндері тағы да бірнеше өңірді шаюы мүмкін деген болжам бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →