Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Ақтөбе облысында 1 мың үйге зақым келген

    Ақтөбе облысында 1 мың үйге зақым келген

    Ақтөбе облысында табиғи апаттан 1 мың үйге зақым келді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    «Су тасқынынан өңірде 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыс, 232 аула, 852 саяжай зақымданған. Су тасқынына қарсы күреске 720 маман, 185 техника, 11 қайық, 8 су сорғыш жұмылдырылды», — деді Асылбек Есенбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

    Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленген.

    «Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт ашылды. Барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 235 тоннасы көмекке мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 500 волонтер ат салысып жатыр. Бүгін түнде Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келді», — деді орынбасар.

    Сөз соңында ол су тасқыны салдарынан келген материалдық шығынды есептеліп жатқанын атап өтті.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →