Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Орскте тасқыннан зардап шеккендердің саны сәт сайын өсуде

    Орскте тасқыннан зардап шеккендердің саны сәт сайын өсуде

    Фото: РИА Новости

    Орск қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің саны 99 адамға жетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    10 ересек және 8 бала ішек инфекциясымен ауырған. Көпшілігі амбулаторлық-емханалық көмекпен шектеліп жатыр. Әйтсе де 9 адам ауруханаға жатқызылды.

    Қазіргі таңда тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда. Соңғы сағаттарда тағы 2 аурухананы су басты (бұған дейін 6 аурухана эвакуацияланған болатын). Науқастар басқа ауруханаларға жеткізіледі.

    Бұдан бөлек Орынбор облысы үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орск қаласындағы Никель ауылында су тасқынына байланысты тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →