Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты • Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты • Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды •

    Қонаев қаласының әкімі отставкаға кетті

    Қонаев қаласының әкімі отставкаға кетті

    Фото: gov.kz

    Алматы облысындағы Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова растады.

    Әкімдіктің мәліметінше, Нұрлан Құматаев басқа қызметке ауысуына байланысты 28 наурызда өз еркімен жұмыстан кетті.

    «Нұрлан Құматаевтың басшылығымен Қонаев қаласының 10-шы шағын ауданын дамытудың жоспары жүзеге асырыла бастады. Оның кезінде мектеп құрылысы, жүргізіліп жатқан көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы және кең жолақты жол желісі салына бастады. Сонымен қатар, Құматаев «Ардагер» және «Самал» шағын аудандарын дамыту жобаларына бастамашылық жасады», – делінген хабарламада.

    Нұрлан Құматаев 1970 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Оның заңгерлік және экономикалық қосымша білімі бар.

    Ол 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қонаев қаласының әкімі қызметін атқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →