Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

    Фото: Pixabay

    Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

    «Шамамен сағат 09.25-те Орал-Дариян жолы бойында Байқоныс ауылы тұсында «ВАЗ-2106» және KIA автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда», — деп хабарлады ведомстводан. 

    Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жол апатынан 6 адам зардап шеккен. Дариян ауылынан келе жатқан автокөлік жүргізушісі жолдағы шұңқырды айналып өтемін деп қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан Орал қаласы жақтан келе жатқан автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі 6 адамның зардап шеккенін растады. Еуропа нәсілдес әйел жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болған. 1991 жылғы ер адам көптеген дене жарақатымен Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде шұғыл ота жасалуда, жағдайы ауыр.

    Сондай-ақ 1994 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханада жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. 1995 жылғы әйел, 2005 жылғы екі жігіт облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жіберілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →