Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҚО-да есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға салған

    Фото: Pixabay

    Батыс Қазақстан облысында есепші 7 млн теңге бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Қаратөбе ауданында болды.

    Қаратөбе ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағына (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сәйкес материалды тіркеп, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

    «Қаратөбе ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ есепшісінің құмар ойынмен айналысқаны анықталды. Есепші басшының рұқсатынсыз және бұйрығынсыз оның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, 7 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған. Есепші жауабында өзінің және жұбайының атына ашылған жеке кәсіпкерлік субъектісіне бюджет қаржысын бірнеше рет аударып келгенін айтты. Қазіргі таңда оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті күдікті ретінде таныды. Кінәсі дәлелденген жағдайда оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», деп хабарлады ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →